Алматыда BMW жүргізушісі жол ережесін 66 рет өрескел бұзып, 2,4 млн теңге айыппұл жинаған

1 500

Фото: Instagram/almaty.prokuraturaАлматыда Жол қозғалысы ережесін ең көп өрескел бұзған тұрғын анықталды. Ол BMW көлігінің жүргізушісі болып шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Оңтүстік астана прокуратурасы 2026 жылғы 25 тамызда оқиғаның мән-жайын жариялады:

"Қала прокуратурасы BMW маркалы көлікті анықтады. Оның жүргізушісі жыл басынан бері ЖҚЕ-ні 66 рет өрескел бұзып, 2,4 млн теңгеден астам айыппұл арқалаған. Оның 58-і жылдамдық режимін бұзу фактісі", – делінген хабарламада.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, салынған айыппұлдар сол жерде төленген.

Қадағалау органының мәліметінше, соңғы тәулікте Алматы аумағында ЖҚЕ-ні бұзудың 1699 фактісі анықталған. Оның ішінде жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп төндіретін 230 өрескел құқық бұзушылық бар.

Анықталған құқық бұзушылықтардың қатарында:

көлікті мас күйінде басқару – 13 факт;

көлік басқару құқығынан айырылған адамның көлік жүргізуі – 1 факт;

жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерімен көлік жүргізу – 2 факт;

маневр жасау ережелерін, соның ішінде қауіпті маневр жасауды ("шашка") бұзу – 103 факт;

қауіпсіздік белдігін тақпау – 71 факт;

қарсы қозғалыс жолағына шығу – 9 факт;

көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдалану – 31 факт.

Бұдан бөлек, 20 көлік арнайы тұраққа қойылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.