Тұрғын үй жанынан ер адамның мәйіті табылды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИАбай облысында 60 жастағы ер адам көпқабатты үйдің жанынан өлі табылды, - деп хабарлайды   Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 11 қарашада сағат 13:53-те болған. Ер адам биіктіктен құлап, көз жұмған. Марқұм 60 жаста болған.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.