Волейбол жаттықтырушысы оқушысын ұрғаны үшін сотталды

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИАқжайық ауданының №2 аудандық соты кәмелетке толмаған тәрбиеленушісіне күш қолданған волейбол жаттықтырушысына үкім шығарды, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

 Ер адам жасөспірімнің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірді деген бап бойынша сотталды.

БҚО сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, бапкер мен оқушы арасындағы жанжал соңғысының жарысқа барудан бас тартуынан туындаған. Оқушының жауабын естіген жаттықтырушы ашуланып, қол жұмсаған: ол жасөспірімді бетінен екі рет қолмен ұрып, кейін кеудесінен тепкен.

Соққыдан бала артқа қарай ұшып, басын қабырғаға соққан. Үйге келген соң бала денесінің қатты ауырып жатқанына ата-анасына шағымданған, содан кейін отбасы дәрігерлерге жүгінуге мәжбүр болған.

Іс материалдары мен дәлелдемелерді зерттеген сот спорт жаттықтырушысын кінәлі деп тапты. Оған бір жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.Үкім заңды күшіне енді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.