Жемқорлықпен қамалған шенеуніктің туыстары митингке шықты
Астанада жемқорлық күдігімен ұсталған адамның туыстары мен достары митингке шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Митингке жиналғандар айыпталушының кінәсіздігі туралы мәлімдеп, объективті тергеуді талап етті.
“Астана қаласы бойынша Антикоррупциялық қызмет «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің Ұлттық сараптама орталығы» Жетісу филиалының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз.Ол Ұлттық орталық басшылығына Алматы облысына осындай қызметке ауысқаны үшін 2 500 АҚШ доллары көлемінде пара берді деп күдіктеніп отыр”, – делінген ведомсвто хабарламасында.
Күдікті 2023 жылы 31 наурызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынған.
“Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі”, – деп атап өтті Антикор.