Жемқорлықпен қамалған шенеуніктің туыстары митингке шықты

170

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Астанада жемқорлық күдігімен ұсталған адамның туыстары мен достары митингке шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Митингке жиналғандар айыпталушының кінәсіздігі туралы мәлімдеп, объективті тергеуді талап етті.


“Астана қаласы бойынша Антикоррупциялық қызмет «ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Комитетінің Ұлттық сараптама орталығы» Жетісу филиалының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз.Ол Ұлттық орталық басшылығына Алматы облысына осындай қызметке ауысқаны үшін 2 500 АҚШ доллары көлемінде пара берді деп күдіктеніп отыр”, – делінген ведомсвто хабарламасында.


Күдікті 2023 жылы 31 наурызда соттың санкциясымен күдікті қамауға алынған.


“Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі”, – деп атап өтті Антикор.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.