Тұрғындар ішуге жарамсыз ауыз суға ақша төлеуге мәжбүр

1 560

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: видеодан скриншотЖетісу облысы Текелі қаласының тұрғындары ауыз су үшін ақша төлеуден бас тартты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап


Айтуларынша, құбырдан келетін су лай, ішуге жарамсыз. Шенеуніктер жуырда сүзгі станциясында жөндеу басталатынын айтады. Алайда тұрғындар 30 жылдан бері қанша жөндеу жүргізілсе де, нәтиже жоқ дейді.


Текелі қаласы Алатау шағын ауданының тұрғындары 20 жылдан бері бұлақ суын тасып ішуге мәжбүр. Орталықтандырылған құбырдан келетін су тіпті кір жууға да жарамайтынын айтады. Әсіресе, көктем-жаз айларында кәдімгі лай ағады екен.


Текелі тұрғыны Тамара Ларикова үш шақырымдай жерден жаяу бұлақ суын тасып ішіпті. Жасы 70-тен асқан зейнеткерге кейінгі жылдары қала сыртынан 5-10 литр суды жеткізу қиынға түскен. 


“Бұлаққа баруға шамам келмейді. Ал таза су өте қымбатқа түседі, 5 литрін 125 теңгеге сатып аламын, оған қоса үйдегі лай судың әр текше метріне 70 теңге төлеймін. Мен неге екі есе шығындалуым керек, осы суды ғана сатып ала бермеймін бе?!” – деді текелілік Тамара Ларикова. 


Текеліде ауыз су мәселесі кейінгі 30 жылдан бері бар. Су халыққа Қора, Шажа өзендерінен алынып, тазартылып беріліп келген. Былтыр бірнеше ұңғыма бұрғыланып, 2 мұнара салыныпты. Алайда мұнымен таза ауыз су мәселесі шешімін таппаған. Өйткені жерасты суы осыдан 46 жыл бұрын салынған сүзгі станциясы арқылы өтеді.


“Құдық 240 куб су сорады, сол су халыққа беріледі, сонымен қатар Зумов деген сорғы қосымша халыққа беріледі. Сүзгі станциясы 86% тозған. Ол станция бүгінге дейін орташа жөндеуден өтпеген. Биыл 25 ақпан күні конкурс жарияланды”, – деді Текелі қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Жетібаев.


Алдағы маусымда сүзгі станциясында жөндеу басталады. Алайда шенеунік бұл да мәселені толық шешпейтінін ашық айтты. Өйткені қала аумағындағы су құбырлары әбден тозған.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.