Тұрғын үй жанынан ер адамның мәйіті табылды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Абай облысында 60 жастағы ер адам көпқабатты үйдің жанынан өлі табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 11 қарашада сағат 13:53-те болған. Ер адам биіктіктен құлап, көз жұмған. Марқұм 60 жаста болған.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Қаз
Рус






