Ер адам ауруханада жас дәрігерді пышақтап өлтірген

1 530

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ашық дереккөзденМаңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында медициналық мекемеде орын алған қайғылы оқиға салдарынан 29 жастағы дәрігер қаза тапқан,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы жағдай 28- ші қаңтар күні шамамен сағат 14:00-де болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, емдеу мекемесінің дәлізінде терапевт дәрігерге ер адам шабуыл жасап, пышақ жарақатын салған. Ауыр жарақат алған жас маман оқиға орнында көз жұмған.

Облыстық полиция департаменті күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлаған. Тергеу деректеріне сүйенсек, жанжал отбасылық-тұрмыстық сипатта туындаған. Оқиғадан кейін күдікті өз еркімен қалалық полиция басқармасына келіп, кінәсін мойындаған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу шараларын жүргізіп жатыр.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.