2027 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апаруға 4 туроператор ғана рұқсат алған

1 519

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: adliwahid/Pixabay2027 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апаруға 4 туроператор ғана рұқсат алған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Былтыр қажылыққа апаратын туроператордың саны 14 болған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға қатысатын туроператорларды іріктеу жұмыстарының қорытындысын жариялады. 

Оған сәйкес, қазақстандық 4 туроператор ғана 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру жұмыстарына лайықты деп танылған. 

Олар: 

"Атлас Туризм" ЖШС;

"Нұрхан Тревел" ЖШС;

"Тауаф Тревел" ЖШС;

"Хикмет Тревел" ЖШС. 

Дегенмен, ҚМДБ түсіндіруінше, ашық конкурстан өтпей қалған туроператорлардың заңды түрде белгіленген тәртіпте жоғарыдағы туроператорлардың бірімен субагенттік негізде қажылық сапарын ұйымдастыруға мүмкіндігі бар. 

Іріктеу жұмыстарын арнайы құрылған комиссия жүргізді. Үміткер туроператорлардың қажылық және ұмра сапарларын ұйымдастырудағы жыл бойғы қызмет көрсеткіштері мен оң тәжірибесі, ресми тәртіпте алған туркодтары, тиісті лицензияларының жарамдылығы "Туристік Қамқор" корпоративті қоры арқылы анықталды. Сонымен қатар туроператорлардың ұйымдастырушылық қабілеті және белгіленген талаптарға сәйкестігі сараланды. Сауд Арабиясы тарапынан қажылықты ұйымдастырушыларға қойылатын нақты талаптар да сақталды, – делінген ресми хабарламада. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.