2027 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апаруға 4 туроператор ғана рұқсат алған
2027 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апаруға 4 туроператор ғана рұқсат алған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Былтыр қажылыққа апаратын туроператордың саны 14 болған.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыруға қатысатын туроператорларды іріктеу жұмыстарының қорытындысын жариялады.
Оған сәйкес, қазақстандық 4 туроператор ғана 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру жұмыстарына лайықты деп танылған.
Олар:
"Атлас Туризм" ЖШС;
"Нұрхан Тревел" ЖШС;
"Тауаф Тревел" ЖШС;
"Хикмет Тревел" ЖШС.
Дегенмен, ҚМДБ түсіндіруінше, ашық конкурстан өтпей қалған туроператорлардың заңды түрде белгіленген тәртіпте жоғарыдағы туроператорлардың бірімен субагенттік негізде қажылық сапарын ұйымдастыруға мүмкіндігі бар.
Қаз
Рус






