Өз-өзіне қол жұмсаған жазасын өтеушінің асқазанынан өлім хаты табылды

1 771
Алматы облысындағы 155/8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүріп өз-өзіне қол жұмсаған Әркен Қарасайдың жақындары әділ тергеуді талап етуде, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап. 



Әркен Қарасай 2021 жылдан бері ЛА-57 155/8 түзеу мекемесінде жазасын өтеп келіп, осыдан бірнеше күн бұрын ол туған ағасына хат жолдап түрме қызметкерлері сотталғандарды ұрып-соғып, балағаттап өздеріне жұмыс істеуге мәжбүрлейтінін айтқан.

Ал марқұм бұл азаптан құтылудың жалғыз жолы өз өмірін құрбан ету деп шешкен. Мекеме басшылығы болса, оның мінезі жақсы еді деп отыр. Сондықтан олар жазасын өтеушінің неліктен мұндай қадамға барғанын білмейді.

Марқұмның ағасының айтуынша хатта нақты кімдерді кінәләу қажеттігін де жазып, 4 қызметкердің атын атапты. 

Осыған жеткізген мекеме қызметкерлері. Атап айтатын болсақ, Жасұлан Қабылович, Әліпбаевич, Самат Төлегенович, Біржан Бақытжанович. Осы есімді кісілер мені тыныш өмір сүргізбейді. Бұл мекеменің заңы сол кісілер,- деді марқұмның ағасы Жәкен Қасенов.


Оған інісі соңғы жазбасында, хаттың түпнұсқасы ішінде болатынын айтқан екен. Ал сараптама кезінде салафанға оралған ақтық хаты асқазанынан табылған. Сондықтан марқұмның ағасы жазықсыз бауырын осындай жағдайға жеткізген мекеме қызметкерлері лайықты жазасын алсын деп отыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.