30 млн теңге үшін тірі анасын «қайтыс болды» деп шетелдікті алдаған

1 500

Фото: Opennews.kz ЖИҚытайлық азамат 3 жыл бойы ақтөбелік қызға үйленемін деп оның отбасына көмек берген, алайда соңында алданғанын айтып, той өтпей қалды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қытайлық жігіт ақтөбелік сүйіктісіне үйлену үшін 150 адамға той ұйымдастырмақ болған. Алайда той алдында мейрамхананың брондалмағаны, ал қалыңдықтың «қайтыс болды» деген анасының тірі екені анықталған. Енді шетелдік 30 миллион теңгеге жуық ақшасы мен алтынын қайтармақ.

35 жастағы Қытай азаматы үш жыл бойы сүйіктісі мен оның отбасына қаржылай көмектесіп, оқу ақысын, ипотекасын және бауырының емін төлегенін айтады.

Ақтөбе облыстық полициясының мәліметінше, арыз бойынша тергеу жүргізілген. Алайда қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан, іс тоқтатылған. Ер адамға ақшасы мен мүлкін қайтару үшін сотқа жүгіну ұсынылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.