Қайын әпкесіне кезексіз пәтер алып берген шенеунік сотталды
Ақтөбеде Тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Жандос Әлімов әйелінің әпкесіне тұрғын үй кезегінде тұрмаса да, мемлекеттен тегін пәтер алып беруге көмектескен, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Кейін туысы пәтерді жекешелендіріп, 5 миллион теңгеге сатып жіберген. Сот Әлімовті 4,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылып, мемлекетке 9 миллион теңге өтеуге міндеттелді.
Айта кетейік, бұл оның алғашқы сотталуы емес. Биыл сәуірде ол осыған ұқсас заңсыз әрекеттері үшін тағы 6 жылға сотталған.
Қаз
Рус






