Келесі жылдан бастап караоке, мейрамхана мен барда қосылған әр өлең есепке алынады

1 500

Фото: https://www.magnific.com/Енді мейрамханалар, бар, караоке мен өзге де қоғамдық орындар QazCopyright бірыңғай цифрлық платформасына қосылады. Бұл жүйе арқылы әннің қай жерде, қашан және қанша рет орындалғаны тіркеліп, авторлық сыйақы есептеледі. Оны нысан басшылары жылына төрт рет төлейді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Биыл жыл басынан бері жұмыс істеп келе жатқан платформада қазірдің өзінде 255 636 шығарма тіркелген. Сондай-ақ 22 639 автордың мәліметі енгізілген. Ал жүйеге қосылған субъектілер саны – 331.  Олардың қатарында 76 телеарна, 40 радиостанция, 141 мәдениет ұйымы, 46 автор және 13 ұжымдық басқару ұйымы бар.

Ал енді 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап музыканы пайдаланатын мейрамханалар, бар, караоке орындары және басқа да нысандар қамтылып, арнайы құрылғылар орнатылады. Олар дыбысты танып, әннің атауы мен орындалған уақытын анықтайды. Жұмыс істеу тәсілі Shazam қосымшасына ұқсас. Барлық ақпарат QazCopyright платформасында сақталып, мекемелердің қанша төлейтіні есептеледі.

Негізінен авторға сыйақы төлеу талабы бұрыннан бар. Яғни жаңадан қосылған ереже емес. Тек барлығы цифрлық платформа арқылы бақыланбақ. Себебі бүгінге дейін мұндай ортақ жүйе болмағандықтан біршама қиындық туындаған.

«Әдетте авторлардың мүддесін қорғайтын ұйым өкілдері тексеру жүргізіп, мейрамханалар мен дәмханаларға барып, төлем жасауы керегін ескертетін. Мұның бәрі тек қағаз жүзінде жүргізілді. Сондықтан қанша қаражат жиналғаны, оның авторларға толық жеткен-жетпегені туралы ақпарат болмады. Енді цифрлық платформа арқылы бұл процестің бәрі ашық жүргізіледі», – дейді Ұлттық зияткерлік меншік институтының директоры Сәбит Ахметов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.