ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ АЗАЙҒАН

143
2022 жылдың алты айында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменттің өндірісінде болған 41 қылмыстық істің 24-і аяқталып, 15-і сотқа жолданған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

- Аймағымыздағы жедел жағдайға жалпы талдау жасай отырып қарасақ, құқықбұзушылықтардың тіркелуі өткен жылғы салыстырмалы кезеңге қарағанда төмендегені байқалады. Қазір біз саннан гөрі сапаға көңіл бөлу ұстанымымен жұмыс жасаймыз. Яғни, залал мөлшері көлемді және бұған дейін жедел-іздестіру шаралары толық жүргізілген қылмыстық істерді анықтауға басымдық беріледі. Аса ірі емес құқықбұзушылықтар бойынша материалдар қаржы органдарына тексеруге ұсынылады, яғни салықтық әкімшілендіру шеңберінде қарастырылады. Айта кетерлігі, экономикалық қылмыстарды әшкерелеу ұзақ уақытты талап етеді. Қаржы саласындағы заңбұзушылықтардың көлемін анықтау мен растау барысында өзге қаржы органдарының мәліметтерін күтуге тура келеді. Қылмыстың ашылуы, залалдың мемлекетке қайтарылуы, тергеу сапасы, қылмыстық процесстерге қатысушылардың конституциялық құқығының  бұзылмауы секілді критерийлер бойынша нақты межелер мен мерзімдер бекітілген. Сондықтан экономикалық қылмыстардың ашылуы және залалдың қалпына келтірілуі бойынша жылдам нәтиже күту қиын, - деді Б.Сапарғалиұлы.
Департамент басшысының мәлімдеуінше, экономикалық өсу мен дамуға тосқауыл болатын қылмыстардың қатарында заңсыз ойын ұйымдастыру, контрабандалық жолмен тауарлар әкелу, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы және бюджет қаражатын жымқыру фактілері алдыңғы қатарда тұр. Аталмыш бағыттағы қылмыстарды анықтауға, тергеуге және түпкілікті процессуалдық шешім қабылдау басты назарда ұсталады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.