Қызылордада мерзімді әскери қызметке шақыру басталады
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов мәлімдеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне 160-қа жуық азамат аттандырылды;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне – 11 азамат әскери борышын өтеуге жолданды;
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан қызметіне – 275-ке жуық азамат жолданған.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан қызметіне аттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызылорда облысы бойынша 60-қа жуық азаматты әскери борышын өтеуге аттандырылған.
Сарбаздардың мерзімді қызмет кезінде несие мерзімін 1 жылға тоқтауға, білім беру секторында жеңілдіктер беруге (ұлттық бірыңғай тестілеусіз жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндіктері бар), сондай-ақ, олардың отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтерге ақы төлеу сияқты жеңілдіктер қарастырылған.
Әскери қызметке шақырылушы азаматтарды хабардар ету 1414 сервис қызметі пилоттық режимінде SMS хабарламалар жіберу арқылы жүзеге асады», − дейді ол.
Айта кетейік, жас сарбаздар әскери борышын ҚР ҰКҚ Шекара қызметінде, ҚР Қарулы Күштері қатарында, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы мен ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты бөлімдері және Мемлекеттік Күзет қызметтерінде өтейтін болады.
Әскери бөлімдерге елімізде қорғауға қабілетті, денсаулығы мықты, дене бітімі шыныққан, сауаты жеткілікті, моральдік-іскерлік қабілеті жоғары азаматтар аттанады.