Қазақстандықтар жүргізуші куәлігімен Дубайда да көлік басқара алады

1 511

Фото: ©pixabay.comҚазақстан мен БАӘ-нің ішкі істер министрліктері жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы меморандумға қол қойды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Құжатқа 2026 жылғы 25-ші маусымда Абу-Даби қаласында қол қойылған. Меморандум 2026 жылғы 25-ші шілдеден бастап күшіне енбек. ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, келісім екі негізгі жағдайды қарастырылған.

Біріншісі – азаматтардың туристік, іскерлік немесе жеке мақсатпен уақытша сапарлары. Мұндай жағдайда Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері бір-бірінің қолданыстағы ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара таниды. Бұл Қазақстан азаматтарына БАӘ аумағында өздерінің жарамды ұлттық жүргізуші куәлігімен автокөлік басқаруға мүмкіндік береді. Екінші жағдай – Қазақстан азаматының Біріккен Араб Әмірліктеріне тұрақты немесе ұзақ мерзімге қоныс аударып, тұруға ықтиярхат алуы. Бұл ретте жүргізуші куәлігін жергілікті куәлікке емтихан тапсырмай-ақ айырбастауға болады,-делінген хабарламада.

Жаңа меморандум екі ел арасындағы көлік қатынасын жеңілдетіп, Қазақстан азаматтарының Біріккен Араб Әмірліктерінде көлік пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.