Биыл депутаттардың жүріп-тұруына бюджеттен 6,5 млрд теңге бөлінген

300
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев парламенттің қос палатасына жыл сайын 6,5 миллиард теңге бөлінетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Қазақстанда парламент екі палатадан тұрады. Жоғары палата - сенат, төменгі палата - мәжіліс.

Мәжіліс пен сенат депутаттарына қарастырылған қаражат республикалық бюджеттің баптарында көрсетілген. Бұл - ашық ақпарат. 2023 жылға парламенттің екі палатасын қаржыландыруға 6,5 миллиард теңге бөлінген. Оның ішіне жалақы, іссапарға баратын қаражат, іссапардағы күніне төленетін ақша, ұшақ билетінің құны кіреді, - деді Жамаубаев сенатта өткен брифингте.

Айта кетері, сенатта 50 депутат, ал мәжілісте 107 депутат бар. Жақында президент төменгі палатаны таратып жіберді. Келесі айда мәжіліс сайлауы өтеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.