Алматы қаласында көлік ұрлаған ер адам кісі өліміне әкеп соққан апатқа ұшырады

241

Алматыда көлік ұрысы апатқа ұшырап, бір адам көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы таңғы 06:00 шамасында Абай мен Саин көшелерінің қиылысында болған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 


Фото: polisia.kzПолиция мәліметіне сәйкес 22 жастағы ер адам Ақсай ықшамауданындағы үйлердің бірінің ауласынан Mazda көлігін ұрлап кеткен. Күдікті бұған дейін бірнеше рет сотталған. Мұнымен қоймай ол түнгі уақытта Алатау ауданында үш көліктің аккумуляторларын ұрлап кеткен. Ал таңғы 06:00 шамасында ол адам өліміне әкеп соққан апатқа ұшырады.

Көлік апаты Саина көшесімен солтүстік бағытта келе жатып Абай даңғылымен қиылысқанда Toyota Corolla және Kia Rio көліктерімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Kia Rio инерциямен кедергіге соқты. Бұл көлікті 52 жастағы ер адам басқарған. Өкінішке орай, ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды”, – деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.  


Көлік ұрысын патрульдік полиция қызметкерлері қолға түсірді. Белгілі болғандай, Mazda көлігінің иесі өз көлік құралының ұрланғанын білмеген: көліктің өз үйінің ауласында екеніне сенімді болған.

“Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу бөтен көлікті заңсыз иелену, бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша да жүргізілетін болады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды”, – деді Шәріпов.