Қызылордалықтарды сан соқтырған алаяқ әйел ұсталды

493
Қызылордалықтарға үй алып бермек болған алаяқ қолға түсті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Қызылорда қаласы полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне жеті қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғандығы жөнінде арызданған. Жәбірленушілерден танысы 2022 жылдан бастап үй алып беремін деп алдап, жалпы 920 мың теңге сомада ақша алған. 

Басқарма қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде қала тұрғындарын сан соқтырған бұрын сотты болған 40 жастағы күдікті азаматша ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.