Ер адам мас күйінде әйелі мен қызын ұрып тастаған

1 514

Фото: Sputnik / Абзал КалиевӘкесінен соққы алған бала небәрі 3 жаста болған, ауыр соққыдан денелері көгерген,-  деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Жетісу облыстық полиция депртаментінде осы оқиғаға қатысты пікір білдірген.

"2- ші ақпанында сағат 21:00-де "102" арнасына медициналық мекемеден үш жастағы баланың зорлық-зомбылықтан белгілері бар дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгені туралы қоңырау түсті. "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді полицияда.

Қылмыс жасады деген күдікпен баланың әкесі, яғни алкогольдік мас күйде болған ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Бала мен оның анасы қазір ауруханада жатыр. Осы істің тергеп-тексерілуі полиция департаменті басшысының жеке бақылауында, дейді полицейлер.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.