Оқушыларды құтқару үшін өмірін қатерге тіккен ұстаздар желідегілерді тәнті етті

1 601

Фото: видеодан кадрАлматыда жер сілкінісі кезінде қаладағы мектептердің бірінде мұғалімдердің оқушыларды сыртқа шығару сәті желіде қызу талқыланып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кеше, 4 наурызда қалада 5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Тұрғындар сыртқа шығып, дүрбелеңнің басылғанын күтті.


Бұл кезде №35 гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұстаздары да қалыс қалмай, оқушыларын сыныптан шығарып, жазық жерде тұруларын қадағалаған. 


Видеода терезеден мұғалімдердің сырт киімін кимей шыққан оқушыларға олардың күртешелері мен сөмкелерін лақтырғанын көруге болады. Зілзала кезінде іште қалған мұғалімдердің бұл әрекеті желі оқырмандарын тәнті етті.


"Біздің мұғалімдер – батырлар", "Иә, ер мұғалімдер сыныпқа кіріп, біздің сырт киімдерімізді алып шықты. Ұстаздарымызға таңданып отырмын", Мұғалімдер қабырғаға сүйеніп тұрды. Өздері қорқып тұрса да, бірінші оқушыларға көмектесті. Оқушылардың далаға шыққанына көзі жеткен соң барып өздері шықты", "Біздің мұғалімдер мектепке қайта кіріп, етігімізді, күртешемізді және телефонымызды алып шықты", "Ұстаздарға респект. “Кеме копитандары секілді кемені соңғы болып тастап шықты", "35 гимназия – ең күшті", "Өз өміріне қауіп төнсе де, бізді құтқарды" және "Алина Ғалымжанқызы осы гимназиядағы ең үздік педагог", – деп жазды Tik-Tok желісінің оқырмандары.