Танысудан бас тартқаным үшін басымды үстелге ұрды

1 505

Фото: Әлеуметтік желіҚазақстандық келіншек әлеуметтік желіде бөтен ер адамның өзі соққыға жыққанын айтып, жазба жариялады. Айтуынша, Алматыдағы караокеде ер адам өзімен танысудан бас тартқан әйелдің басын үстелге ұрған, - деп хабарлайды Opennews.kz   ақпарат агенттігі.

Жәбірленуші әйелдің сөзінше, ол күйеуімен және құрбыларымен Алматыдағы “Зая, на бис” караокеге демалуға барған. Күйеуі әжетханаға кеткенде көрші үстелде отырған қыз бен екі ер адамның ішіндегі біреуі оған келіп таныспақ болған. Келіншек өзінің тұрмыста екенін айтып, мазаламауын өтінген.

“Ол менің сөзімді елеген жоқ, қолымнан ұстап, тиісе бастады. Мен тағы да ескерту жасап, аз уақытта күйеуімнің келетінін айттым. Сол кезде ол басымнан ұстап, үстелге ұрды. Мен шошып кеттім, бірақ қорғану үшін жанымда тұрған стақанды алып, басынан ұрдым. Ең бастысы, караоке күзетшілерінен оқиғаға қатысы бар адамдарды полиция келгенге дейін ұстап тұруын өтіндім. Бірақ олар бәрін сыртқа шығарып жіберген соң ұрыс-керістің соңы төбелеске ұласты. Маған шабуыл жасаған ер адам қашпақ болғанда күзетшілердің ешбірі оны тоқтатпады”, – деп жазды жазба авторы.

Оның айтуынша, күзетшілер керісінше, әйел мен құрбыларын ұстап, ер адамның қашып кетуіне жол берген. 

Әйелдің сөзінше, осы кезде күзет қызметкерлері олардан жанжалды тоқтатып, шотты дереу төлеуді және барлық мәселені мекеме аумағынан тыс жерде шешуді талап еткен. Сондай-ақ оларды караокеге қайта кіргізбеген. Тіпті, тапсырыс бергенімен татып та үлгермеген тағамдарына 55 мың теңге төледік дейді.

Автор төбелес басталған сәтте күйеуінің әжетханадан шығып жатқанын айтты. 

“Күйеуім "дәретханада қалып қойған жоқ", "із-түзсіз жоғалып кетпеді" немесе "ештеңеге араласпай қойған жоқ". Шабуыл дәл ол бірнеше минутқа қасымда болмаған кезде болды", – дейді әйел.

”Әйелге ешкім ауыр соққы жасамады, ары кетсе итерген болуы мүмкін. Сондай-ақ мекеме қызметкерлері әрекет еткен жоқ деген пікірмен келіспеймін. Керісінше, қызметкерлер мен күзетшілердің бәрі сол жерде болды. Әйелді ер адам итергеннен кейін, ол қолындағы затпен оның басынан ұрып, кейін де бірнеше рет шабуылдады. Күзет қызметі жанжалды тоқтатып, барлығын сыртқа шығарды”, – дейді караоке басшысы.

Оның сөзінше, кейін әйелдің күйеуі келіп, әлгі ер адамға шабуыл жасаған. Бұдан соң олар оны Манас көшесінің бойымен қуып, соққыға жыққан.

"Меніңше, бұл жерде жәбірленуші әйел емес, керісінше, сол ер адам. Иә, бастапқыда ол әйелді итерген шығар, бірақ одан кейін ештеңе істемеді. Ал әйелдің тұрақта оны телефонмен, сөмкемен ұрғаны, кейін күйеуінің де соққыға жыққаны бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Сондай-ақ караоке өкілі күзет қызметінің адамдарды күштеп ұстап тұруға құқығы жоқ. Сондықтан күзет өз міндетін орындады деп есептеймін: олар жанжалдың әрі қарай мекеме ішінде жалғасуына жол бермей, қатысушыларды сыртқа шығарды. Осылайша мүлік зақымданбады", – деді ол. 

Ер адамның айтуынша, күзет қызметі жанжалға қатысқан екі тараптан да есеп айырысып, шотты төлеуді талап еткен.