Eңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі ұсталды
Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Министрлік экс-вице министрдің ұсталғанын растады.
Журналист Михаил Козачковтың мәлімдеуінше, мемлекеттік деректер қорынан ақпаратты коммерциялық ұйымға беру схемасы анықталды. Яғни 16 миллион қазақстандықтың жеке дерегінің тарауына қатысты күдікті деп танылған.
Ақмәди Сарбасов соңғы рет еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті қызметін атқарды. Ол бұл қызметке бір-екі ай бұрын ауысты. 16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі тарап кеткені туралыхабарлаған едік. Ішкі істер министрлігі жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.







