Eңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі ұсталды

1 490

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметіБұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Министрлік экс-вице министрдің ұсталғанын растады.

"Министрлік "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" басшысының ұсталу фактісін растады. Министрлік тергеу органдарына белгіленген тәртіп бойынша көмек көрсетіп жатыр. Тергеу барысына қатысты барлық сұрақтар уәкілетті органдардың құзыретіне жатады", – деп хабарлады еңбек министрлігі.

Журналист Михаил Козачковтың мәлімдеуінше, мемлекеттік деректер қорынан ақпаратты коммерциялық ұйымға беру схемасы анықталды. Яғни 16 миллион қазақстандықтың жеке дерегінің тарауына қатысты күдікті деп танылған. 

Ақмәди Сарбасов соңғы рет еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті қызметін атқарды. Ол бұл қызметке бір-екі ай бұрын ауысты. 16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі тарап кеткені туралыхабарлаған едік. Ішкі істер министрлігі жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.