Алматы әуежайында төбелес болып, тәртіп сақшысы қызметтік қарудан оқ атты

374
Әуежайдың автотұрағында мас үш ер адам төбелесті. Кейін олардың бірі бөтелкені сындырып, келген полицейлерге қарай жүгірді- деп хабарлайды деп хабарлайды  Opennews.kz   ақпарат агенттігі. 

«Ақпарат расталды, анықталғанындай ішімдік ішкен үш ер адам төбелесіп жатты. Олар полиция қызметкерлерінің талабына агрессиямен жауап берді. Төбелесушілердің бірі, бұрын сотталған 1994 жылы туған У. есімді азамат сыраның шыны бөтелкесін сындырып, полицейге қарай жүгіріп, оны соққыға жықпақ болды. Ауыр қылмыстың жолын кескен тәртіп сақшысы қызметтік қаруынан аспанға ескерту оқ атты», - деп хабарлады қалалық полициядан.


Полиция қызметкерлері төбелеске қатысушыларды ұстады. Олар - Алматы және Түркістан облыстарының тұрғындары. Екеуі - адам тонағаны және бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бұрын сотты болған. 


Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қызметтік қаруды қолдану дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізілетін болады.