13 қаңтардан бастап Алматы әуежайы жұмысын бастамақ

311

Алматы әуежайы 13 қаңтардан бастап жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы әуежай басшылығы хабарлады. Алдын ала ақпарат бойынша, әуе компаниялардың ұшу кестесіне сәйкес ішкі және халықаралық рейстер сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін орындалады.
Айта кетейік, Алматыда лаңкестер әуежайды талқандап, басшылық рейстерді тоқтатуға мәжбүр болған еді.
Ал кеше Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала әуежайы қоқыс пен қирандыдан тазартылғанын және жұмысын қайта бастауға толық дайын екенін айтты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.