Оралда түлектерді университеттен әскерге алып кетіп жатыр

388

Оралда дипломдық жұмыстарын қорғаған студенттерді бірден әскерге әкетіп жатыр.Батыс Қазақстан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері университетті қоршап алған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс  сайтына сілтеме жасап.


Университетті күзетіп, студенттерді әскерге алып кету дерегі Орал қаласындағы бірнеше оқу ордасында болған. Дипломдық жұмысын қорғап болған студенттерді есік алдында әскери адамдар күтіп алып, бірден медициналық тексеріске алып кеткен. Тіпті университеттен шықпай отырған ер балаларды іздеу үшін оқу ордасының кабинеттерін тінтіп, парта асты мен шкаф ішін қараған.

Дипломдық жұмыс қорғап болған ер балаларды алып кетті. Олар әскерге барғысы келсе, өздері-ақ барар еді ғой. Дипломдық жұмыс уақытын біліп алып, әскерге алып кетті,— дейді студенттердің бірі.


Батыс Қазақстан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі Департаменті университеттен студенттерді әскерге алып кеткендерін растап отыр.

Дипломдық жұмыстарын қорғаған соң, ер балаларды алып кетіп, медициналық тексерістен өткіздік. Олармен әңгімелестік, нәтижесінде көпшілігі әскерге баруға ниет білдірді. Студенттер қашып жүргендіктен, осындай қадамға бардық. Бізде бәрі заңды,— дейді аталған департамент бастығы Руслан Әміржанов.