Оралдық қызға әлемдегі ең қымбат препарат салынды

315

3 ақпан күні оралдық Фатима Асқарға әлемдегі ең қымбат препарат – "Золгенсма" салынды. Препараттың құны 1 миллиард теңгеге жуық. Қуанышты хабармен қыздың ата-анасы әлеуметтік желіде бөлісті, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап. 


"Біз үшін тарихта қалатын күн. Біздің Фатима екпе алды. Біз бақыттымыз. Қызымызды Қазақстан елі болып құтқарып қалғанымызға ризамыз. Фатиманың жанашыр қолдаушыларына мың да бір рахмет айтамыз", - деді Фатиманың әкесі Қанат Құспанов. 

Фатиманың ата-анасы қыздарының еміне қажетті қаржыны жарты жыл жинаған. Дәрігерлер балаға арқа бұлшық еті артофиясы диагнозын қойған. 


Фатима ең қымбат препаратты алған БҚО-дағы екінші бала. Алғашқы болып ақсайлық Эмир Шахмаровқа салынған. Бұл кезде қажетті қаржыны жинаушы қазақстандықтар көмектескен. Қазір баланың жағдайы жақсы, оңалту курсынан өтуде.