Әлемдегі алғашқы мемлекет климатқа байланысты көшуге дайындалуда

298

Тувалу мемлекетінің сыртқы істер министрі Саймон Кофе БҰҰ климат саммитіне арнап жолдау жасап, мемлекетті су басқан жағдайда тұрғындар көшуге мәжбүр болатынын мәлімдеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап. 

Тувалу үкіметі ғаламдық жылыну салдарының бірнеше нұсқасын қарастырған. Олардың ойынша, ел аумағы толығымен мұхит астына кетіп, тұруға жарамсыз болуы мүмкін. Саймон Кофенің сөзінше, Тувалу табиғи апат салдарынан көшіп кеткен алғашқы ел болмақ. Қазірдің өзінде 5 000-нан астам тұрғын Жаңа Зеландияға қоныс аударған. 

"Бұл – жалпы мемлекет халқының тең жартысы", - деді Кофе. 

Елде осы тектес жағдайға дайындық басталып кеткен. Үкімет халықаралық құқық бойынша сұрақтарды шешуге тырысып жатыр. 

"Біз жер аумағымыздан айырылсақ та, өзге елдердің Тувалуды мойындағанын қалаймыз. Қазір сандық ұлтты қалыптастыруға көмектесетін технологияны ойластырып жатырмыз. Бұл өзге жерде болсақ та, бірге әрекет етуге мүмкіндік береді", - деді премьер-министр.

Алғашқы қадам ретінде Тувалуда барлық процестерді сандық режимге көшіріп, тұрғындар қажетті қызметтерді онлайн ала бастаған. 

Тувалу министрі конференцияда сөз сөйлеуі арқылы әлемге танылған еді. Ол ел астанасы орналасқан Фонгафале аралында судың ортасында костюм киіп суретке түскен. Осылайша климат салдарынан әлемдік мұхит деңгейінің өзгергенін жеткізгісі келген. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.