Еліміздегі мектептердің бірінде 1 "Ы" сыныбы ашылды

458
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім күнінде Қосшыдағы №2 орта мектепке барды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақмола облысы білім басқармасының хабарлауынша, биыл №2 мектепте бірінші сыныпқа 700 оқушы қабылданды. Соған байланысты мектеп табалдырығын жаңадан аттаған балаларға арнап "Ы" сыныбына дейін ашылған.

Ал Қазақстан бойынша биыл бірінші сыныпқа 394 мыңға жуық бала барған.

Ақмола облысындағы №2 мектепте төрт мыңға жуық бала білім алады. Алайда мектеп бір ауысымда 1 200 баланы оқытуға жобаланған. Жергілікті мұғалімдер 2019 жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдында Қосшы мектептеріндегі орын тапшылығы мәселесін көтерген екен.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.