TikTok арқылы ақша таппақ болған әйел 2,5 жылға сотталды
Әйел әлеуметтік жіледі өзін сатушы ретінде таныстырып, бірнеше адамнан ақша жинап алған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.
Жамбыл облысында TikTok-та өзін сатушы ретінде таныстырып, желі қолданушысынан 60 мың теңгесін алып алған әйелге қатысты сот үкім шығарылды. Сотталушы TikTok әлеуметтік желісінде өзін сатушы ретінде таныстырып, жиһаз сату туралы хабарландыру жариялаған. Оған акция бойынша 60 мың теңгеге ұсынылған диванға қызығушылық танытқан жәбірленуші хабарласқан.
"Диван үшін алдын ала төлем жасау сылтауымен сотталушы сатып алушыны біреудің шотына 25 мың теңге аударуға көндірген. Ақшаны алғаннан кейін сатушы байланысын үзген. Алданғанын түсінген әйел полицияға жүгінген", - деп хабарлады сот.
Сотталушы кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді және келтірілген шығынды ерікті түрде өткен. Оның кінәсі тараптар мен куәгерлердің айғақтары, банк чектері және үзінді көшірмелермен, сондай-ақ істің басқа да материалдарымен дәлелденген. Прокурор сотталушыға 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігінің санкциясы 4000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде (2026 жылы 17 300 000 теңге) айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Сот кінәсін мойындауды, өкінуді және зиянды өтеуді жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сонымен қатар, сот сотталушының бұған дейін де алаяқтық үшін бірнеше рет қылмыстық жауаптылыққа тартылғанын және жазасын өтеу кезеңінде тиісті қорытынды шығармай, жаңа ұқсас қылмыс жасағанын ескерді. Сот оны кінәлі деп танып, үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.







