Шымкентте күйеу баласыз ұзату той өтті

672

Шымкентте күйеу баласыз ұзату той өтті- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы айтыскер Сара Тоқтамысқызы желіде оқырмандарымен бөлісті.

Айтыскер күйеу баласыз өткен тойды басқарып, ерекше қыз ұзату болғанын айтады. Ол жалғыз қалған қалыңдықты қолдап, той соңына дейін жанында болған. 

“Шымкент қаласында ерекше той болды. Күйеу баласыз ұзату тойы өтті. Қалыңдық той алдында қобалжып тұр екен. Қорықпа дегендей қолынан қысып-қысып қойдым. Күйеу баламен Америкада танысқан. Мирас есімді ыстының жігіті. Визасы дайын болмай тиісті уақытта елге келе алмай қалған екен. Содан қалыңдықты жалғыз ұзатуға тура келді. Той осылай керемет басталды десем де болады. Бір жағы, Шымкентте танысқан визажист сіңлім Раномның сіңлісі”, – деді айтыскер. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.