Балабақша басшысы қызметкерлерге тиесілі үстемақыны төлемеген
Ақтөбе облысындағы балабақшалардың жұмысшыларына жалақыға қажетті үстемақылар қосылмаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
2022-2024 жылдар аралығында Хромтау және Ойыл аудандарындағы балабақша қызметкерлерінің жалақысына қосымша ақылар есептелмеген.
36 қызметкерге 250 000 теңгеден 450 000 теңгеге дейін, ал қалған 47 қызметкерге 50 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін екі айлық еңбекақы төленген. Яғни, әр түрлі мөлшердегі үстемеақылардың төлену фактілері анықталды», - деп хабарлады прокуратура.
Сондай-ақ, Ойыл ауданында 33 қызметкерге үстеме жұмыс істегені үшін жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам үстемақы төлемеу фактілері анықталды.
Аталған жұмысшылардың құқықтары қалпына келтіріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қаз
Рус






