СҚО-дағы көлдердің бірінде қырылған балықты жұрт асына жаратып жатыр

346

Фото: видеодан скриншотСолтүстік Қазақстан облысындағы Қоскөл көлінде балықтар қырылуда. Мұны көрген тұрғындар тор ұстап, таңнан кешке дейін көлшік торып жүр. Тіпті балықшылар да қармағын тастап, қолмен ұстағанын қапқа салып әкетіп жатыр.


Десе де оларға балықты асына жаратуға ешкім тыйым салып жатқан жоқ. Себебі күн ысыған сайын өлі балықтар шіріп, қолқаны жаруда. Сондықтан жекенің иелігіндегі кіші Қоскөлдің иелері шашылған балықты құрт жегенше, жұрт жесін деп рұқсат беріпті. 


Қоскөлге сыймай сыртқа шоршыған балықтармен қоса, сыртқа шығып қалған балықтың өлекселдері де жеткілікті. Алайда оған қарап жатқан жан жоқ. Бұл жерде көл жағалап азығын тауып жүрген ақ шағала ғана емес. Тегін балықты теріп алуға асыққан жан көп. Торлы қақпанға түспегенін, қолмен ұстап ақ шелегіне ытқытып жатыр. Бала-шаға да осында. 
Жекенің иелігіндегі көлге қармақ салу үшін 500 теңгеге талон алуың керек. Ал бұл көлшіктерде қол созым жердегі балықты сүзіп алуың тегін болып отыр.


 "Үйге апарып пісіріп жеймін. Арғы күні келдім. Көп алдым. Үйде тұздап, кептіріп қойдым. Тоңазытқышта тұр. Басқасын тұздап қойдым", - дейді Саумалкөл ауылының тұрғыны Манарбек Әбілке. 


Көлшік күн санап батпаққа айналып барады. Өткен жылы да Кіші Қоскөлде дәл осындай жағдай орын алған екен. Онда эколог мамандар сынама алып, суда күкірт сутегінің көп екенін анықтаған. Ал бұл жолы Петропавлдан келген балық инспекциясының мамандары өлекселерді жинап әкетіпті. "Бірақ судан да, балықтан да сынама алған жоқ" дейді көл қорықшысы.


 "Балық инспекциясымен жағалауды толық қарап шықтық. Өлген балық көп емес. Судағы ірілеуін тұрғындардың жинап алуына рұқсат еттік. Сынама өткен жылы жасалған. Биыл комиссия келгенімен, сараптамаға сынама алған жоқ", - дейді қорықшы Анатолий Хамитский. 


"Біз халыққа тыйым сала алмаймыз, жинамаңдар деп айта алмаймыз. Балық инспекциясы келді. Осыдан үш-төрт күн бұрын келіп, біз көмек беріп, волонтерлармен балықты жинадық. Шамамен 300-400 келідей", - дейді Антоновка ауылы округінің әкімі Жомарт Оразалин. 
"Өлексе жинадық" деген әкім тегін балықты халықтың жинап алғаны дұрыс дейді. Өйткені құсқа жем болып күнде шашылған өлексе қалдығы экологияға зиян келтіреді. Ал адамның асына жарай ма, жоқ па, ол жағын тексеріп жатқан ешкім жо