Офицердің аналары құрметке бөленді
440
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай, ЗК -169/4 мекемесінің басшылығы осы мекемеде қызмет атқаратын әділет майоры Ж.Абдыкайровтың, әділет аға лейтенанты Б. Қалиевтің, әділет лейтенанты Ж. Бекназаровтың аналарына құрмет көрсетіп, мерекемен құттықтап барып, "Офицердің анасы" медалін тақты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Режимге бағынып, қауырт шақтарда күн-түн демей жұмыс жасау үшін, отбасындағы қолдау, олардың еркін еңбек етуіне үлкен әсері бар .
-Менің балам, Абдыкайыров Жандос ЗК-169/4 мекемесінде бақылаушылар қызметі бөлімінің бастығы болып жұмыс жасайды. Бала кезінен форма киген азаматтарды көрсе қызыға қарайтын. Өсе келе құқық қорғау органдарында жұмыс жасауды қалады. Әкесі екеуіміз өзі қалаған мамандық иесі болуына қарсы болмадық.Өзі ұнатқан мамандық болған соң, қиындығына қарамай жұмыс атқарып жүр. Мереке қарсаңында көрсетіп жатқан құрметтеріңізге алғысым шексіз,қызметтеріңде абыройлы болып,елге адал қызмет ете беріңіздер",-деді Жандостың анасы Мағрипа апа.
-Анам, әйелім екеуі, мен қызметте жүргендіктен , балаларымды тәрбиелеп, тұрмыс тіршілікті реттеп отырады. Жұмыстан қалжырап келгенде, демалатындай бар жағдайымды жасап қояды. Шаңырағымның берекесі , Анама деген құрметім болсын деп, "Офицердің анасы" медалін алуды ұйғардым. Ата-анамды сыйлағаным, бұл баларыма көрсеткен үлгі-өнегем деп білемін- дейді , ҚАЖ қызметкері Жандос Абдыкайров.
Режимге бағынып, қауырт шақтарда күн-түн демей жұмыс жасау үшін, отбасындағы қолдау, олардың еркін еңбек етуіне үлкен әсері бар .