Қазақстанда жұмыртқа бағасы шарықтауда

359
Елімізде   жұмыртқа  бағасы қайтадан көтеріле бастады - еліміздің кейбір аймақтарында 600 теңгеден сатылуда - деп хабарлайды "Opennews.kz"ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, Ақтөбе облысында жұмыртқа бір апта ішінде орташа есеппен 100 теңгеге қымбаттаған.

Петропавлда сұрыпталған жұмыртқаны табу қиынға соғуда. Бағаның өсуіне байланысты саудагерлер төмен сұрыпты жұмыртқаларды ғана сатуға көшкен. Сатушылардың айтуынша, екінші және үшінші сұрыптағы жұмыртқалар арзан болғандықтан, тезірек сатылып кетеді. Бірақ соңғы екі күнде мұндай жұмыртқаның өзі бірден 70 теңгеге қымбаттаған.

Ал қарағандылық саудагерлер жұмыртқаны көтерме саудагерлерден арзанырақ сатып алуға тырысуда. Өйтпеген жағдайда, еш пайда болмайтынын айтады. Облыста бірнеше құс фабрикасы болғанымен, мұнда да баға өсуде. Бір апта ішінде он жұмыртқаның құны бірден 50 теңгеге қымбаттаған.

"Бізге қорабын 280-нен әкелді. Қазір, әрине, баға күрт өсті. Адамдар бұған наразы. Ал жұмыртқаны әкелушілер бізге бензин қымбаттады, жем қымбаттады деп түсіндіруде. Қазір жалпы жұмыртқаның ғана емес, бәрінің бағасы көтерілуде. Біз төмен сұрыпты жұмыртқаны алудамыз. Егер сұрыпталған жұмыртқаны алатын болсақ, бағасы әлдеқайда қымбатқа түседі", - дейді сатушы Әсел Жақсыбекова.

Бүгінде әсіресе алматылықтардың жұмыртқа алу кезінде қалтасы қағылуда. Елдің ірі шаһарындағы он жұмыртқаның бағасы 600 теңгеге жетеді.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.