Мектеп оқушыларын тасу үшін 92 млн теңге - астаналықтардың қызу талқысына айналды

401

Астаналықтар осы мәселеге байланысты әлеуметтік желіде шу көтеріп жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі қолданушысы мемлекеттік сатып алу сайтында осыған қатысты скриншотты жариялады.

«Бір мектептің оқушыларын тасымалдау үшін ғана біз 92 млн теңге төлейміз. Барлық мектептің оқушыларын тасымалдау үшін қанша қаражат кетеді сонда? Мұндай ақшаға жыл сайын автобус паркін жаңартуға болады. Тоқаевтың тұсында ақша жеу деген тоқтамайтын секілді», - деп жазады ер адам.

Жазбаға пікір қалдырған адамдар ой таластырып, бүкіл астананың оқушыларын тасымалдау үшін шамамен 13-14 млрд теңге жұмсалатынын болжайды. Бұл дегеніңіз – 20 млн АҚШ доллары. Пікір қалдырғандардың бірі бұл орынсыз шығын деп есептесе, екіншісі бұл шаруа субсидиялануы керек деп есептейді.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.