11 жасар қыз үшінші қабаттан құлап кетті

1 577

Фото: Алихан СариевОйнап жүрген жеткіншек 5 қабатты ғимараттың 3-ші қабатынан құлап кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Оқиға қараусыз қалған «Шымкент гидролиз зауыты» аумағында болған.

Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері алғашқы медициналық қызмет көрсетті.


Ал, жедел жәрдем қызметкерлері келген соң, қызды «ашық аяқ сынығы» диагнозымен ауруханаға алып кетті. 


«Шымкент қаласы ТЖД қала тұрғындарына балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді» - делінген департаменттің қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.