Бір ай бойы тұрғындарды қорқытып, ақша бопсалаған алты адам ұсталды

1 509

Фото: Polisia.kzПавлодар облысында тұрғындардан күш қолданамыз деп қорқытып, ақша талап еткен деген күдікпен алты адам ұсталды, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Полицияның мәліметінше, күдіктілер бір ай бойы Павлодар тұрғындарынан ақша бопсалаған. Олар талап етілген қаражатты бермеген жағдайда күш қолданатынын және дене жарақатын салатынын айтып қорқытқан.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталып, алты адам ұсталды. Олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Бопсалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, сондай-ақ ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.