Қызылордада жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

277
Қызылорда қаласының орталық көшелерінің бірінде жүргізуші куәлігінен айрылған мас жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



2022 жылдың 25 қыркүйек сағат 03:30 шамасында Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлерімен жол ережесін бұзғаны үшін автокөлік тоқтатылды. Автокөлікті басқарған 25 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Бұл азамат мамыр 2021 жылы 7 жыл көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, алайда ол көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірді.


Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен, яғни көлік құралын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқару дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Автокөлік айып алаңына қойылды. Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.