Аралдықтар Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алды
Кеше аудан орталығында 9 мамыр –Жеңіс күні мерекесіне орай Ұлы отан соғысы құрбандарын еске алу шарасы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Тағзым» алаңына жиналған қауым ел қорғаған батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, боздақтар рухына арнап Құран бағыштады. Салтанатты шарада аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев сөз алып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.
Шара соңында сұрапыл соғыста елі үшін от кешіп, майдан даласында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш тақта мен Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.
Қаз
Рус






