СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАНЫҢ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

205
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының қызметкерлері Қызылорда облысы ауылшарушалығы және жер қатынастары басқармасының ұжымымен кездесу өткізді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Кездесуде департамент қызметкерлері – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңашылдықтары туралы баяндап, басшылардың қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлық үшін дербес жауапкершілігі тәжірибесі мен қызметшілердің сыйлықтар алуына толық тыйым салуды және жақын туыстардың бірлескен жұмысына салынған шектеулерді атап өтіп, қызметкерлерге парасаттылық пен адалдық принциптерін кеңінен насихаттады.
Шара барысында Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жсопардың 88-тармағына сәйкес, Агенттік Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мәселелері бойынша өз пікірлері мен идеяларын бөлісті.

 



Кездесу соңында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.