Дәмханалардың бірінде төбелес шығарған шетелдіктер Қазақстанға 5 жыл кіре алмайды

1 379

Фото: Видеодан скриншотСенат депутаты, Ішкі істер министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматыдағы дәмханалардың бірінде шетелдік студенттер арасында топтық төбелес шыққан оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде жаңа жыл түні Көктөбедегі дәмханалардың бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Кадрлардан бірнеше жігіттің орындық, таяқ тіпті үстелдерді пайдаланып, бір-бірін ұрып-соғып жатқанын байқауға болады.

Қожаевтың айтуынша, студенттерді елден шығару туралы шешім заң талаптарына сәйкес қабылданған.

"Еліміздегі кез келген шетелдік азамат біздің заңымызды, тәртібімізді, әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді құрметтеп, өзін қалай ұстау керегін білуі қажет. Бұл жалпы қабылданған әлемдік тәжірибе. Басқа елде жүргенде заңды сақта, оған бағынуға тырыс, – деді Қожаев.

Сондай-ақ сенатор заң бұзған шетелдіктер 5 жыл бойы Қазақстанға орала алмайтынын айтты.

"Бұл жағдайда қоғамдық орында бір-бірінің денсаулығына зиян келтіру қаупі бар заң өрескел бұзылып отыр. Сондықтан біздің заңымызда мұндай жағдайда шетелдіктер депортацияланады. Олардың мұнда заңды түрде оқуына рұқсат беретін құжаттары жойылды”, – деді ол. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.