Қостанай облысында АИТВ-мен өмір сүретін ер адам өгей қызын зорлаған

2 440

Фото: Pixabay.comҚостанай облысының аудандарының бірінде ер адам өгей қызын зорлаған. Бұл деректі alau.kz басылымына облыстық соттың баспасөз қызметі растаған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Облыстық соттың берген ақпаратына сай, іс "жабық түрде" өткен. Ведомство өкілдері басылымға тек кей ақпаратты ғана ұсынған.

"Ер адам өгей қызын зорлаған. Оқиға анасы үйде болмаған кезде болған. Ол АИТВ-мен өмір сүретін болып шыққан. Зардап шеккен қыз дертті жұқтырудан аман қалды", - деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Ал Қостанай облысының тұрғыны бұл әрекеті үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.