Қазақстан туын "шүберек" деп атаған блогер сотталды
Түркістан облысында Қазақстан туын "шүберек" деп атаған тиктокер сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Облыстық соттың мәліметінше, сотталушы 2024 жылдың сәуір айында өзінің ұялы телефонына Сауран ауданы Ибата ауылындағы орталық көшедегі туды түсіріп алған.
Желі қолданушыларының ашулы пікірлері көбейген соң, аккаунт иесі видеоны өшіріп тастаған.
Ер адамға “мемлекеттік рәміздерді қорлау" бойынша айып тағылды.
Сот оны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.