Қазақстан туын "шүберек" деп атаған блогер сотталды

1 590

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: elle.com.kzТүркістан облысында Қазақстан туын "шүберек" деп атаған тиктокер сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Облыстық соттың мәліметінше, сотталушы 2024 жылдың сәуір айында өзінің ұялы телефонына Сауран ауданы Ибата ауылындағы орталық көшедегі туды түсіріп алған.


"Сол күні ол TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында туы бар видеоны жариялап, “жоғарыға иліп қойыптыго таеульсздик тряпкасн" (“Жоғарыға іліп қойыпты ғой тәуелсіздік тряпкасын") деп жазған", — делінген сот хабарламасында.


Желі қолданушыларының ашулы пікірлері көбейген соң, аккаунт иесі видеоны өшіріп тастаған.


Ер адамға “мемлекеттік рәміздерді қорлау" бойынша айып тағылды.


Сот оны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.


Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.