Бес жасар бала терезеден құлап, көз жұмды

1 533

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ©pixabayАқмола облысының Степногорск қаласында бес жастағы бала көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы терезеден құлап, қайтыс болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Sn.kz сайтына сілтеме жасап.

2020 жылы туған бала абайсызда көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Ауыр жарақат алған ол жедел түрде медициналық мекемеге жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Тергеу нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады», - делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, күн жылынған сайын терезелердің жиі ашылуына байланысты мұндай қайғылы оқиғалар саны арта түседі. Әсіресе, кішкентай балалардың қауіпсіздігіне жеткілікті көңіл бөлінбеген жағдайда қауіп жоғары болады. Жыл басынан бері Ақмола облысында балалардың терезеден құлауына қатысты бес дерек тіркелген. Өкінішке қарай, олардың бірі адам өлімімен аяқталған. Құқық қорғау органдары ата-аналар мен қамқоршыларға қауіпсіздік шараларын күшейтуді, терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатуды және балаларды қараусыз қалдырмауды қатаң ескертеді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.