2025 жылдан бастап тұрғын үй сатып алудың жаңа ережелері енгізіледі

1 449

Фото: depositphotos.comКелесі жылдан бастап елдегі сұранысқа ие тұрғын үй бағдарламаларына жаңа ережелер енгізіледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Отбасы банк басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлім етті.

Отбасы банк басқарма төрайымының айтуынша, көптеген сатып алушылар жаңа пәтердің жөндеу жұмысы шығындарының көп болуына байланысты дайын тұрғын үйді сатып алады. Осыған орай, банк құрылыс компаниялары қауымдастығымен бірқатар кездесулер өткізген. Енді тұрғын үйлер порталда дайын күйінде ұсынылып, сатып алушылар бастапқы 10% жарна төлеп ала алады. Бұл жаңашылдық 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Сонымен қатар "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында республика бойынша 3,5 мың қарыз беріліп, жалпы сомасы 42,5 миллиард теңгені құрады. Ал "Шаңырақ" бағдарламасы арқылы кезекте тұрған басқа санаттағы азаматтарға қосымша 4,5 мың қарыз беру жоспарланған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.