Ақтаудағы жарылыстан ер адамның қолы жұлынып кетті
201

Оқиға 3 желтоқсанда қаланың 27-ші шағынауданында болған. №49 үйдің тұрғындары сенбі күні түскі уақытта пәтерлердің бірінде қатты гуіл естілгенін айтады. Олардың айтуынша, жарылыстан терезелер шағылған.
Куәгерлер оқиға салдарынан аталған пәтерде тұратын ер адамның зардап шеккенін, оның бір қолы жұлынып кеткенін айтады.
Белгілі болғандай, зардап шеккен ер адам – әскери қызметкер. Ол пәтерде отбасымен бірге тұрған.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі журналистерге оқиға орнынан 1988 жылы туған ер адамның жеткізілгенін хабарлады. Зардап шегуші жансақтау бөліміне жатқызылған.